Categories Жайық news

Оралда тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Оралда тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Орал қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар басқармасы, «QazaqGaz Aimaq» АҚ БҚО филиалы және Полиция басқармасымен бірлесіп, тұрғын үйлер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Шара барысында мамандар жеке үйлер мен жатақхана үлгісіндегі нысандарды аралап, тұрғындарға өрттің алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ақпарат берді. Сонымен қатар арнайы жадынамалар таратылып, тұрғындар үшін маңызды кеңестер жеткізілді.

Бұл іс-шара тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Сурет: Орал қ әкімдігі

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…