«Шаш ал десе, бас алады»: продюсер түсірілім кезіндегі полиция әрекетіне наразы болды

Продюсер Айсәуле Әбілда Алматыда өткен кино түсірілім кезінде полиция қызметкерлерінің әрекетіне қынжылыс білдірді.Оның айтуынша, 5 қазанда Әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында 2004 жылды бейнелейтін көрініс түсіріліп жатқан. Сол кезеңге сай етіп, көліктерге сол жылдардың нөмірлері орнатылған. Алайда дәл сол сәтте түсірілімге қатысқан көліктерді полиция тоқтатқан.

«Бізде Алматы қалалық мәдениет басқармасынан ресми рұқсат, сондай-ақ Полиция департаментінен “назарға алынды” деген хат бар еді. Соның бәрін көрсеткенімізбен, полицейлер бәрібір хаттама толтырды», – деді продюсер.
Айсәуле Әбілданың сөзінше, полиция түсірілім тобына Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабының 4-тармағы бойынша “жалған нөмір таққан” деген айып таққан.
«Біз ешқандай заң бұзған жоқпыз. Бұл – кино түсірілімі, бәрі алдын ала ескертілген. 60-қа жуық адам күн-түн демей еңбек етіп жүр. Соған қарамастан, түсірілімге қатысқан көлік жүргізушілерін бір тәулікке қамады», – деп ашынды продюсер.

Ұқсас жазбалар

Астанадағы көпқабатты үйдегі спа-салонда өрт болды

Астанада 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан спа-орталықта өрт шықты. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақытында ауыздықтады.

Қазақстанда кісі өлімі қылмысы 9 пайызға азайды

Алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген қылмыстар саны 10 пайызға кеміген. Кісі өліміне қатысты қылмыс…

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…