Categories Жайық news

Дания мен Гренландия өкілдері АҚШ президентінің кеңесшілерімен кездесті

Дания мен Гренландияның АҚШ-тағы өкілдері Арктикадағы аралға қатысты талаптан ресми Вашингтонды бас тартуға көндіруге тырысып жатыр, деп жазды Associated Press.

Данияның АҚШ-тағы елшісі Йеспер Меллер Серенсен мен Гренландияның Вашингтондағы бас өкілі Якоб Исбосетсен бейсенбі күні Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жүздескен.

Бұл туралы аты-жөнін жарияламауды сұраған Дания үкіметіндегі дереккөздер ақпарат берген.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Гренландияны бақылауға алғысы келетінін ашық мәлімдеген еді. Алайда Ақ үй аталған кездесуге қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Осы аптада Дания мен Гренландия тарапынан бірнеше америкалық заң шығарушымен келіссөздер жүргізілгені айтылады.

Associated Press дерегінше, алдағы аптада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Даниялық ресми тұлғалармен кездеспек.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…