Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров анасына Парламент отырысында құттықтау жасап,сынға қалды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров анасына Парламент отырысында құттықтау жасап,сынға қалды

Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасының 70 жасқа толғанын айтып, залдан ресми түрде құттықтауын жеткізді. Оның бұл сөзін әріптес депутаттар ду қол шапалақпен қолдап, жылы лебіз білдірді.

Алайда қоғамда бұл қадамға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі құттықтауды қолдап, «анасына деген құрметі мен ықыласы» деп бағаласа, енді бір бөлігі сынға алды.

Сынаушылардың айтуынша, «елдің маңызды мәселелері талқыланатын ресми отырыста жеке қуанышты жария ету орынсыз».

Өз кезегінде Ардақ Назаров бұл әрекетінде еш әбестік жоқ екенін, тек анасына деген шынайы ықыласын жеткізгенін айтты.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.

Алматы облысында су қоймалары мен Үлкен Алматы каналы жаңғыртылады

Алматы облысында ірі су қоймаларын жаңғырту және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын кешенді қайта…