Categories Жайық news

Шенеуніктерге сыйақы: Енді туған күнге де ақшалай марапаттауға рұқсат берілді

Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру ережелерін өзгертті. Енді шенеуніктерге мерекелер мен мерейтойларға ғана емес, туған күніне орай да сыйақы беруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұдан былай әрбір мемлекеттік органның басшысы сыйақы берудің шарттарын, мөлшері мен тәртібін дербес бекіте алады. Қаулы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жаңа ережеге сәйкес, сыйақы тек мерекелік немесе жеке даталарға ғана емес, сонымен қатар бірқатар қызметтік жетістіктер үшін де тағайындалады. Олардың қатарында:

– Қызметтік міндеттерді үлгілі атқарғаны үшін;
– Мінсіз қызметі мен елеулі жетістіктері үшін;
– Аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;
– Белгілі бір кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша;
– Президент пен Үкімет тапсырмаларын сапалы орындау;
– Лауазымдық міндетіне кірмейтін заң жобаларын әзірлеуге қатысқаны үшін.

Сыйақы мөлшерін анықтау кезінде қызметкердің жұмысын бағалау нәтижелері де ескерілетін болады.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да полицей мен нотариус көлікті заңсыз тіркеп келген: істің мән-жайы

БҚО-да полицей мен нотариус көліктерді заңсыз тіркеген. Олар жалған құжаттар жасап, бірнеше адамға көмек көрсеткен.…

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.