Categories Әлем

Қазақстан бала құқығы жөнінен әлемдік рейтингте үздік 25 елдің қатарына енді

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан балалар құқықтарын бағалайтын KidsRights 2026 жаһандық индексінде 24-орынға тұрақтады. Ел 0,797 балл жинап, балалар құқықтарының сақталуы мен әл-ауқаты деңгейі бойынша әлемдегі үздік 25 мемлекеттің қатарына енді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

KidsRights 2026 индексін Роттердамдағы Эразмус университеті халықаралық KidsRights ұйымымен бірлесіп әзірлеген. Зерттеуге Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясына қатысушы 194 мемлекет қамтылған.

Бағалау бес негізгі бағыт бойынша жүргізілген. Олар – баланың өмір сүруі, денсаулығы, білім алуы, қорғалуы және дамуына қолайлы орта.

Рейтингте 0,871 баллмен Нидерланд көш бастап тұр. Қазақстан 24-орынды иеленіп, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар елден жоғары нәтиже көрсетті.

Өңір елдері арасында Молдова 32-орында, Украина – 36, Грузия – 51, Әзербайжан – 60, Армения – 70-орында тұр. Ал Қырғызстан 82, Тәжікстан 92, Өзбекстан 96-орынға жайғасқан.

Айта кетейік, KidsRights индексі 2013 жылдан бері жарияланып келеді. Бүгінде бұл индекс үкіметтер мен халықаралық ұйымдар әлеуметтік және білім беру саласындағы саясатты әзірлеуде кеңінен пайдаланатын негізгі халықаралық көрсеткіштердің бірі саналады.

Ұқсас жазбалар

Германияда аурухана өрті: екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды

Германиядағы аурухана өртінен екі адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды. Өрт радиология бөлімшесінің шатырында…

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…