Categories Қаржы

14-17 жастағы қыздарға ВПЧ-ға қарсы екпе: кімдер тегін алады?

Денсаулық сақтау министрлігі 14-17 жастағы мектеп оқушыларына адам папиломасы вирусына (ВПЧ) қарсы қосымша вакцинация басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екпе тек қыздарға арналған және толығымен тегін. Вакцинация ерікті негізде жүргізіледі, ата-аналардың келісімі қажет.

Министрліктің айтуынша, бұл шара жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған. Өйткені ВПЧ – осы дерттің негізгі себебі.

«Біз жыл сайын 700-ге жуық әйелдің жатыр мойны обырынан көз жұматынын ескерсек, вакцинация өмірді сақтап қалудың тиімді тәсілі. Екпе алған қыздардың кейінгі өмірінде қатерлі ісікке шалдығу қаупі 90%-ға азаяды», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін де 11-13 жастағы қыздарға ВПЧ вакцинасы егіліп келген. Ал енді жасөспірімдердің егде тобы да қамтылады.

Екпе алу үшін ата-аналар емханаға немесе мектептегі медициналық пунктке хабарласуы керек. Дәрігерлер алдын ала тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдерді анықтайды.

Ұқсас жазбалар

Анықтамаларды енді үйде отырып алыңыз: ХҚО-лар қай құжатты бермейді?

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі маңызды мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Енді…

Кәсіпкерлерге қысым: вагондарды негізсіз кідірту фактілері анықталды

Көлік прокуратурасы кәсіпкерлерге қысым көрсету мақсатында вагондарды негізсіз кідірту фактілерін анықтады. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Экономика өсіп жатыр, ал халықтың табысы неге көтерілмейді? Министр түсіндірді

Қазақстанда ЖІӨ өсіп жатыр, бірақ халықтың нақты табысы артпай отыр. Себебін министр Серік Жұманғарин түсіндірді:…