Categories Жайық news

Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төртінші айналымда отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездесті. Бір сағат 25 минутқа созылған тартысты матч 6:3, 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Осылайша, Рыбакина Майами турнирінде қатарынан екінші жыл ширек финалға шығып отыр.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін грекиялық спортшы Мария Саккаримен кортқа шығады. Бұған дейін теннисшілер өзара үш рет кездесіп, екеуінде Саккари, біреуінде Рыбакина жеңіске жеткен.

Майамидегі турнирдің жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…