Қазақстанда 43 градус ыстық күтіледі

Сурет: Александр Павский / Kazinform

«Қазгидромет» 18-20 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер мен биіктік жырасы әсер етеді. Сондықтан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді.

19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тоқаев германиялық бизнесті Қазақстан нарығына белсендірек қатысуға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады, деп хабарлайды…

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.