Categories Жайық news

Жайық өзенінің сағасында қазу қайта басталады: 3 шақырым қайта ашылады

Жайық өзенінің Каспийге құяр тұсында биыл қайта қазу жұмыстары жалғасады. Былтыр қазылған 13 шақырым арнаның үш шақырымы лайдың әсерінен қайтадан бітеліп қалған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Өзен сағасын тереңдету жұмысы облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен қолға алынды. 2024 жылы аймақта төтенше жағдай жарияланып, жоба-сметалық құжатсыз басталған. Мақсат – көктемгі су тасқынын Каспийге еркін жеткізу.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, былтыр жасанды канал қазылып, жағалауға бір жақты топырақ төгілген.

«Сол кезде Каспийдің деңгейі біршама көтерілді. Бірақ теңіз жыл сайын тартылып жатыр. Соған байланысты канал үнемі ұзартыла береді. Жұмыстың нәтижесінде өткен жылы халық балықтың теңізден кіргенін, арнайы кемелердің теңізге шыққанын көрді деп ойлаймын», – деді Құсайынов.

Оның айтуынша, соңғы үш шақырымды қайта қазып шығу биылғы жоспарға енгізілген. Оған ауа райының қолайсыздығы мен су лайлануы кедергі болған.

«Былтыр теңіз жақтан жұмыс тоқтап қалды. Қатты толқын мен күннің суытуы әсер етті. Биыл осы бөлікті мердігер қайта қазып, толықтай аяқтайды», – деді басқарма басшысы.

2024 жылы мердігер компания 700 миллион теңге көлемінде аванс алған. Алайда одан кейін қаржы төленбеген. Құсайыновтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама тек жылдың соңында ғана дайын болады. Жалпы жобаның құны 2 миллиард теңгеге жуық.

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.