Categories Қоғам

Әлем чемпионатындағы ерекше жанкүйер: матч бойы бір қалыпта тұратын Лумумба кім?

Сурет: Global Look Press

Футболдан әлем чемпионатында Конго Демократиялық Республикасының танымал жанкүйері Мишель Кука Мболадинга ерекше әрекетімен көпшіліктің назарын аударды. Ол матч бойы тапжылмай тұратындығымен танымал болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жанкүйерлер арасында «Лумумба» деген атпен танымал Мишельді матч кезінде бірден тануға болады. Мыңдаған жанкүйер ән айтып, би билеп отырғанда, ол алаңға қарап, бір қалыпта қозғалмай тұрады.

Лумумба алғаш рет Африка кубогы кезінде кеңінен танылған. Ол әр ойында ұлттық құраманың киім түстеріне сәйкес киініп, оң қолын шынтақтан бүгіп жоғары көтеріп, эмоциясыз қалыпта тұруды әдетке айналдырған.

Мишельдің бұл бейнесі кездейсоқ емес. Оның стилі мен әйгілі тұрысы Конгоның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт қаһарманы Патрис Лумумбаға құрмет ретінде жасалған.

«Ол бізге еркіндік берді. Өмірін халықтың бостандығы үшін құрбан етті. Лумумба – біз үшін үлгі», дейді Мболадинга.

Жанкүйер матч бойы 90 минут, тіпті қосымша уақытта да бір қалыпта тұруы үшін арнайы дайындалады. Ол күн сайын осы бір жауапты сәт үшін 45-50 минут қозғалыссыз тұрып жаттығады.

Африка кубогындағы бір матчта Конго құрамасы жеңіліп қалған кезде «тас мүсін» Лумумба да эмоциясын жасыра алмаған. Ол көзілдірігін шешіп, көз жасына ерік берген.

Конго Демократиялық Республикасының футбол федерациясы жанкүйердің жанкештілігін бағалаған. Құрама футболшылары оны командаға рух береді деп санап, аттай қалап ресми жанкүйерлер делегациясына қостырған.

Бүгінде Мишель Кука Мболадинга әлем чемпионатының әр ойынында өз елі үшін жанын салып жанкүйерлік етіп келеді.

Ұқсас жазбалар

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім…

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…