Categories Ақорда

Тоқаев Солтүстік Македония Президентімен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесті.

Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, бұл сапардың екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына ерекше тоқталды.

«Қазақстан Солтүстік Македониямен жан-жақты серіктестікті дамытуға мүдделі. Біз сіздердің еліңізді Балқан түбегіндегі сенімді әріптес ретінде қараймыз», – деді Тоқаев.

Ал Гордана Силяновска-Давкова Қазақстанға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қатынастарды тереңдетуге зор әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар сауда, инвестиция, гуманитарлық байланыстар және туризм, ауыл шаруашылығы, логистика сынды бағыттарды талқылап, ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Сонымен қатар, екі ел Президенттері Солтүстік Македонияның ірі фармацевтикалық компаниясы Alkaloid-тің Алматыда өкілдік ашу шешімін құптады.

Кездесу аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасылды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады

Қазақстанда ХЭО Акселерация орталығы құрылады. Жаслан Мәдиев ХЭО Бас хатшысымен кездесіп, келісімге қол қойды.

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.

Алматы облысында су қоймалары мен Үлкен Алматы каналы жаңғыртылады

Алматы облысында ірі су қоймаларын жаңғырту және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын кешенді қайта…