Categories Әлем

АҚШ Тәуелсіздік күніндегі отшашу: Бруклин көпірінде үш жерден өрт шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Нью-Йорктегі Бруклин көпірінде АҚШ Тәуелсіздік күніне арналған отшашу кезінде өрт болды. Бұл туралы New York Post басылымына сілтеме жасап, Egemen.kz хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, 143 жылдық тарихы бар көпірдің үш жерінде өрт тұтанған. Өрт сөндірушілердің екі жасағы оқиға орнына жедел жетіп, жалынды қысқа уақытта толық сөндірген.

Нью-Йорк қаласының өртке қарсы қызметі өрттің көпірдің өзінде емес, отшашу ұшыру үшін арнайы орнатылған платформаларда шыққанын мәлімдеді. Сондықтан тарихи нысанға қауіп төнбеген.

Биылғы Тәуелсіздік күніне арналған басты мерекелік шоу Вашингтон қаласында өтті. Онда 40 минут ішінде қаланың он түрлі алаңынан 850 мың пиротехникалық заряд ұшырылып, әлемдік рекорд жаңаруы мүмкін екені айтылды. Салыстырмалы түрде, өткен жылдары 4 шілдедегі отшашу шамамен 25 минутқа созылып, 20 мыңнан 80 мыңға дейін ғана пиротехникалық заряд қолданылған.

2026 жылы АҚШ Конгресі Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға 150 миллион доллар бөлді.

Ұқсас жазбалар

Дамаскіде Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды

Дамаскіде Франция президенті Эммануэль Макрон тоқтаған қонақүй маңында жарылыс болды. Елисей сарайы президенттің зардап шекпегенін…

Қазақстан 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізеді

Қазақстан 2026-2027 жылдары жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Бұл туралы Туризм және спорт…

Еуропада өте қауіпті жұқпалы инфекция жаппай тарай бастады

Еуропада адам өміріне қауіп төндіретін жұқпалы инфекция кеңінен таралуда.