Categories Қоғам

100 мың түлек бір күнде елімізді көгалдандырды: «Таза Қазақстан» акциясы қалай өтті?

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүкіл ел бойынша «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджі өтті. Бір күнде 100 мыңнан астам мектеп бітіруші ағаш егіп, еліміздің көгалдануына үлес қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Түлектер өз қолдарымен ағаш отырғызып, болашаққа жасыл мұра қалдыруға атсалысты.

«Біз бүгін мектеп бітірушілермен бірге 500-ден астам көшет отырғыздық. Бұл – олардың туған жерге деген сүйіспеншілігінің белгісі», – дейді облыстық білім басқармасының өкілі.

Акция Қазақстанның барлық өңірінде бір мезгілде өтті. Әр түлек өз мектебінің ауласына немесе жақын маңдағы саябаққа ағаш егіп, экологиялық мәдениетті насихаттады.

Ұқсас жазбалар

Домбыра үні әлемдік кино мен сериалдарда кеңінен естіліп жүр

Ұлттық домбыра күні 5 шілдеде атап өтіледі. Соңғы жылдары домбыра үні Netflix сериалдары мен түрік…

Қазақстанда балалар арасында қант диабеті жиілеп келеді — ДСМ

Қазақстанда соңғы жылдары балалар арасында қант диабетінің алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші артып келеді.

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатындағы ең төмен бағаны алды

Өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев Франция-Парагвай матчындағы төрелігі үшін L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін алып, әлем…