БҚО әкімі Н.Төреғалиев балаларды мерекелерімен құттықтады

Құрметті балалар, ата-аналар және ұстаздар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – балалардың күлкісі мен шаттығы, олардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы үшін жауапкершілікті сезінетін ерекше мереке. Балалар – біздің елдің ертеңі, тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі. Сондықтан олардың амандығы мен бақыты – барша қоғамның басты мақсаты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» деп атап өтті.
Батыс Қазақстан облысында балалардың жан-жақты дамуы мен құқықтарын қорғау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Облысымызда балаларға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар, білім беру жобалары ұйымдастырылып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Қымбатты балалар!
Сіздерге ашық аспан, шат күлкі, зор денсаулық пен жарқын болашақ тілеймін. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын! Білімге деген ынталарыңыз артып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.
Ата-аналар мен ұстаздарға да айтар алғысым шексіз. Сіздердің мейірімдеріңіз бен еңбектеріңіздің арқасында балалар тәрбиеленіп, болашаққа сеніммен қадам басуда.
Мереке құтты болсын! Әрбір отбасыда шаттық пен береке орнасын!

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…