Categories Жайық news

Қазгидромет: Аяз күшейеді, кей өңірлерде тұман мен көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, алайда кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ашық, бірақ аязды ауа райы күтіледі. Астанада түнде -18…-20, Қарағандыда -16…-18 градусқа дейін суытады. Петропавл, Қостанай және Көкшетауда күндіз -4…-6 градус болып, екпінді жел соғады. Кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының қалаларында да жауын-шашын болмайды. Өскеменде ауа температурасы түнде -14…-16, Семейде -15…-17 градусты көрсетеді. Түнде және таңертең тұман болады.

Батыс аймақтарда күн сәл жылы. Оралда күндіз -5…-7, Атырауда -3…-5 градус. Тек Ақтауда күндізгі температура +2…+4 градусқа дейін көтеріледі, алайда түнде -4 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Шымкент пен Түркістанда күндіз +3 градусқа дейін жылы болғанымен, түнде аяз -8 градусқа дейін күшейеді. Тараз бен Қызылордада тұман түсіп, көктайғақ болу қаупі бар. Алматыда күндіз -1…+1, түнде -5…-7 градус, таңертең қаланы тұман басады.

Ұқсас жазбалар

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…

Астанада едені тесік автобус жүргізушісі жолаушылар тасымалдаған

Астана тұрғыны жолаушылар автобусының еденіндегі тесікті байқап, бейнежазбаны Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

БҚО-да «Ұлы өнердің ұлы арнасы» атты республикалық байқау өтті.

Қасиетті домбыраның үнімен дүйім жұртты тәнті еткен республикалық домбырашылар байқауының күй астанасы ауданымызда өткені мерейімізді…