Түркиядағы жол апаты: Қазақстан азаматы қайтыс болды

Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше күндіз болған. Жол апаты кезінде біздің отандасымыз алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның есімі әзірге жарияланбады.

Түрік полициясы апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, апатқа жылдамдықты асыру себеп болған.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі марқұмның туыстарына көмек көрсетіп, денесін елге жеткізу мәселесін реттеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 164 адамға жетті

Венесуэланың солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 164 адамға жетті, ал жараланғандардың қатары…

Президент БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысы отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президент журналистерді ағартушылық шамшырақ болуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттап, журналистерді ағартушылық шамшырақ болуға шақырды.