Categories Әлем

Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады

Сурет: AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ықтимал келісімнен кейін Ресей мұнайына қатысты санкцияларды қайта енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұл туралы ол G7 саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, қазір мұнай жеткізіліп жатқандықтан, жақын арада санкцияларды қайта енгізуге болады. Ол бұған дейін жеткізілімге кедергі келтірмеу үшін санкцияларды алып тастағанын, енді көп ұзамай оларды қайта енгізуге мүмкіндік болатынын айтты.

Наурыз айында АҚШ Ресейге қатысты санкциялардың бір бөлігін тоқтатып, алдын ала тиелген мұнайды экспорттауға рұқсат берген еді. Бұл шешім Иранмен қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазының жабылу қаупіне байланысты қабылданған. Бастапқыда жеңілдіктер 30 күнге берілсе, кейін бірнеше рет ұзартылды.

Ұқсас жазбалар

Қырғызстанның экс-қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев 4 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылауға байланысты түрмеде отырмайды.

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…