Categories Жайық news

Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінде әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ширек финалдағы кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, 7:5, 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Ойын барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 3 қос қателікке бой алдырды және 7 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Бұл – Рыбакинаның спорттық мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі төртінші жартылай финалы. Айта кетерлігі, Елена Аустралия ашық біріншілігінде осы уақытқа дейін бірде-бір сетте қарсыластарына есе жіберген жоқ.

Енді ол жартылай финалда америкалық теннисшілер Джессика Пегула (WTA рейтингінде 6-орын) мен Аманда Анисимова (WTA рейтингінде 4-орын) арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінде тағы бір қазақстандық Заңғар Нұрланұлы да сәтті өнер көрсетуде. Ол 1/8 финалда ресейлік теннисші Савва Рыбкинді 6:1, 6:4 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Топ-5 главных торговых партнеров Казахстана По итогам января-апреля 2026 года

внешнеторговый оборот Казахстана достиг 44,9 млрд $, увеличившись на 7,9% в номинальном выражении по сравнению…

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

Оралда Астана күніне орай көпшілік велошеру болды

Оралда Астана күні мерекесіне орай көпшілік велошеру ұйымдастырылды. Спорттың бұқаралығын арттыру және салауатты өмір салтын…