Categories Жайық news

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Сурет: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Ляонин провинциясы арасындағы ынтымақтастық нығаюда. Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Шэньян қаласында өткен халықаралық конференцияда осы маңызды келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытайға батысқазақстандық делегацияны бастап барған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев 50 мемлекеттің өкілдері қатысқан жиында Ляонин провинциясының әлеуетімен танысты.

«Батыс Қазақстан облысы – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласында жариялаған «Бір белдеу – бір жол» бастамасының маңызды транзиттік торабы. Келіссөздер мен қолдаудың нәтижесінде қытайлық компаниялар облыс аумағында сұйық метанол, цемент зауыттары, газтурбиналық және жел электр стансаларын салуға кірісті. Өзге де жоба-жоспар аз емес. Былтыр БҚО мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,5 есе өсіп, 175 млн АҚШ долларына жетті. Біз Ляонин провинциясымен инновациялық шешімдер, жасанды интеллект, өңдеу өнеркәсібі саласында инвестициялық байланыстарды одан әрі тереңдетуге дайынбыз», деген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев конференцияның жалпы отырысында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныс-пікірін жеткізді.

Ляонин провинциясына қарасты шаһарлар әлемнің 96 қаласымен бауырлас. Енді бұл қатарға Батыс Қазақстан облысының орталығы да қосылды. Орал мен Цзиньчжоу қалаларының басшылығы бауырластық қатынас орнату туралы ниеттестік хаттамасына қол қойды. Оның аясында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-спорттық және өзге де маңызды бағыттар бойынша тұрақты байланыс орнатуға уағдаласты.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…