Categories Жайық news

Трамп Еуропаға шарт қойды: Гренландияны сатып алу үшін 25%-дық салық салады

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны «толық сатып алу» туралы келісім жасалғанға дейін Еуропаның бірнеше еліне кедендік баж салығын енгізетінін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа салық 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Финляндиядан келетін тауарларға 10% мөлшерінде салынады. Ал 1 маусымнан бастап бұл көрсеткіш 25%-ға дейін өседі.

Трамптың пікірінше, Гренландияға бақылау орнату — АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен жаһандық тұрақтылық үшін аса маңызды. Ол аралды Қытай мен Ресей тарапынан төнетін ықтимал қауіптен тек Америка ғана тиімді қорғай алатынын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…