Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктінің ақыл-есі дұрыс екені анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сараптама қорытындысы бойынша, күдіктінің психикалық денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ. Ол өз әрекетінің мәнін толық түсінеді және іс-әрекетін басқара алады.

«Сот-психиатриялық сараптама күдіктінің ақыл-есі дұрыс деген қорытынды берді. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деді Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, Нұрай Серікбай 2023 жылы қаңтарда Алматыда қайтыс болған еді. Оның өліміне қатысты күдікті ұсталып, іс сотқа жіберілген болатын.

Ұқсас жазбалар

Ыстанбұлдағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады

Ыстанбұлдағы Бұюкада аралындағы дәмханадан шыққан өрт орманға тарады. Өртке газ баллонының жарылуы себеп болған. 4…

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…