Астанада 2030 жылға дейін 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Елорда мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. Қала халқы санының қарқынды өсуі бағдарламаны қабылдауға себеп болды. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астана тұрғындарының саны 2,3 миллион адамға жетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Апатты үйлерді көшіру кестесі бойынша, апатты тұрғын үйлердің иелеріне көлемі жағынан тең тұрғын үй беріледі. Бұл кемінде бір бөлмелі пәтерден кем болмауы тиіс. Тұрғын емес нысандардың меншік иелеріне баламалы аумақ ұсынылады немесе олардың мүлкінің нарықтық құны өтеледі.

Бағдарлама барысында қала билігі Анкара қаласының тәжірибесіне негізделген үлгіні қолданбақ. Бұл модельде салынған тұрғын үйлердің бір бөлігі қоныс аударушыларға беріліп, қалғаны нарықта сатылады. Астанада апатты үйлерден 4 200 адам көшіріледі.

Жобаны қаржыландыру жергілікті бюджет, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, қарыз қаражаты, мемлекеттік бағалы қағаздар және тұрғын үй сатудан түсетін табыс есебінен жүзеге асырылады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…