Categories Әлем

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» нысанын жойды

Сурет: Еuronews.com

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Мадждаль-Зун ауылында әскери операция жүргізіп, «Хезболла» қозғалысына тиесілі жерасты инфрақұрылымын жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Операцияның негізгі нысанасы ұзындығы шамамен 200 метр болатын жерасты туннелі болған. Израиль тарапының мәліметінше, онда жүздеген қару-жарақ пен зымыран ұшыру қондырғылары сақталған.

Шабуыл Ливан мен Израиль шекарасындағы ахуалдың қайта шиеленісе түскен кезеңінде жасалды. Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы Набатия ауданында гранатометтермен қаруланған бірнеше әскеридің көзін жойып, зымыран ұшыру қондырғысын істен шығарғанын хабарлаған еді.

Әзірге Ливан билігі Израильдің соңғы шабуылдарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…