Categories Әлем

Әзербайжан жағалауында Каспий теңізіне мұнай төгілді

Сурет: 1news.az

19 маусым күні Әзербайжанның Дюбенди жағажайы маңында мұнай төгілгені хабарланды. Бұл туралы Әзербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тікұшақпен барлау кезінде Пираллаха аралы мен Дюбенди жағалауы арасындағы су айдынында мұнай дағы анықталған. Диагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша ластану көзі «Азнефть» өндірістік бірлестігіне тиесілі суасты мұнай құбырларының бірі екені анықталды.

Мұнайдың ағып кету орны табылғаннан кейін аталған құбыр арқылы мұнай тасымалдау дереу тоқтатылды. «Азнефть» тарапынан жедел штаб құрылып, жағдай бақылауға алынды.

Сондай-ақ бірлестіктің сүңгуірлер қызметі жүргізген тексеру нәтижесінде суасты мұнай құбырында механикалық зақымданулар анықталған. Бұл зақымданулар болжам бойынша якорьмен (зәкірмен) жанасу салдарынан пайда болған.

Зақым анықталғаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары дереу басталды. Олар аяқталғанға дейін зақымданған құбырды пайдалану тоқтатылды, бұл теңізге мұнайдың одан әрі ағуын болдырмауды көздейді.

Ұқсас жазбалар

Астана әуе бағыттарын кеңейтіп, халықаралық хабқа айналуда

Биыл Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге басымдық беріп отыр. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей…

Mercedes-Benz-тің 33 мыңнан астам қызметкері жаппай наразылық акциясына шықты

Германияда Mercedes-Benz автоконцернінің ондаған мың қызметкері компанияның жаңа шығындарды қысқарту бағдарламасына қарсы наразылық акцияларына шықты.

Франция мен Италия Ливанның оңтүстігіне әскери контингент орналастыруға дайындалып жатыр

Италия мен Франция БҰҰ-ның Ливандағы уақытша бітімгерлік күштері миссиясы аяқталғаннан кейін елдің оңтүстігіне әскери контингент…