Categories Жайық news

Жасанды интеллект 46 адамның өмірін сақтап қалды: Қазақстан құтқарушылары дронды қалай қолданып жатыр?

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі заманауи технологиялардың көмегімен 46 адамның өмірін құтқарып қалды. Бұл үшін жасанды интеллект функциясымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бүгінде ТЖМ иелігінде 218 дрон бар, оның 153-і жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған. Министрлік бөлімшелері 2025 жылдан бері осы аппараттарды пайдаланып, 3000-нан астам операция жүргізген.

Дрондар табиғи өрт ошақтарын, мұздық көлдерді, су басу аймақтарын әуеден бақылап, төтенше жағдай ауқымын жедел бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар гидротехникалық құрылыстар мен орман алқаптарының жай-күйін алдын ала тексеру үшін де маңызды. Дрондарға орнатылған дауыс зорайтқыштар арқылы халықты ескерту жұмыстары да атқарылады.

Жасанды интеллект пен заманауи оптиканың бірігуі адам көзіне көрінбейтін биіктіктен немесе алыс қашықтықтан адамдарды, көліктер мен кемелерді анықтауға жол ашады. Бұл технология оқиға орнында жергілікті жердің картасын лезде жасауға да қауқарлы.

Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар елді мекенінде және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында 75 автономды дрон үздіксіз жұмыс істеп тұр. Олар тәулік бойы жедел жағдайды бақылап, бейне деректерді ТЖМ-нің жедел басқару орталықтарына жібереді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Орал қаласында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Адам өмірі мен денсаулығы – баға жетпес байлық» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті.

Шараға 400-ден астам Батыс Қазақстандықтар қатысып, есірткіге қарсы күрес пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған…

Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі: кезек 35 шақырымға жетті

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» шекаралық өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Кезек…

БҚО-да полиция бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты жауапкершілік туралы еске салды

Аталған талап Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 75-бабының 3-тармағында көзделген. Заңға сәйкес қоғамдық…