Тоқаев «Таза Қазақстан» белсенділерін марапаттады: кімдер алғыс алды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқан бір топ азаматты марапаттады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент еліміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан азаматтардың еңбегін жоғары бағалады. Олардың қатарында еріктілер, қоғам белсенділері және коммуналдық қызметкерлер бар.

«Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан. Әрбір азаматтың тазалыққа деген жауапкершілігі – болашаққа жасалған инвестиция», – деді Тоқаев марапаттау рәсімінде.

Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам көшелер мен саябақтарды тазалап, ағаш отырғызды. БҚО тұрғындары да бұл шарадан тыс қалмады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев инвесторлар кеңесіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесу шетелдік инвесторлар…