Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Кеше ғана іске қосылған Астанадағы LRT желісі бүгін тоқтап қалды. Әлеуметтік желіде жолаушылар вагон есігін ашып жіберген видео тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада пойыздың аялдамада тоқтап тұрғаны көрінеді. Жолаушылардың бірі есікті ашып, сыртқа шығып кеткен. Осыдан кейін LRT қозғалысы тоқтаған.

«Жолаушылардың әрекетінен жүйе апаттық режимге өтіп, пойыз тоқтап қалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

LRT операторы жолаушыларды ескерту шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта вагондарға бейнебақылау камераларын қосымша орнату жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

20 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: жауын, бұршақ және қатты жел күтіледі

20 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік пен оңтүстікте жел күшейеді.

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамады: Министр не деді?

Алматы әуежайының шатыры нөсерге шыдамай, су ішке кірді. Министр Нұрлан Сауранбаев себебін айтып, жөндеу жұмыстары…

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды: жаңа нормалар күшіне енеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Құжаттардың мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.