Тоқаев түркі елдеріне ортақ жасанды интеллект желісін құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде түркі елдерінің жасанды интеллект орталықтарының бірыңғай желісін құруды ұсынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай желі түркі әлемінің цифрлық трансформациясын жеделдетіп, ортақ технологиялық кеңістік қалыптастырады.

«Біздің мақсатымыз – жасанды интеллект саласындағы әлеуетті біріктіріп, бәсекеге қабілетті ортақ жобаларды іске асыру», – деді Тоқаев.

Саммитте түркі мемлекеттерінің көшбасшылары ұсынысты қолдап, алдағы уақытта нақты қадамдарды талқылауға уағдаласты.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…