Categories Қаржы

Сақтандыру компаниялары жыл басынан бері 160,4 млрд теңге төледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандағы сақтандыру төлемдерінің көлемі айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның сақтандыру компаниялары 2026 жылдың басынан бері клиенттеріне 160,4 млрд теңге төлеген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,6%-ға көп. Мұндай мәліметті Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

Төлемдер көлемінің өсуіне қарамастан, сәуір айы сақтандыру саласы үшін шығынмен аяқталды. Ай қорытындысы бойынша сақтандыру нарығының жиынтық шығыны 2,1 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері сақтандыру ұйымдары оң қаржылық нәтижені сақтап отыр. Осы кезеңде олардың таза пайдасы 29,7 млрд теңгеге жетті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…

Қазақстанда жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші тоқсанында жерлеу рәсімдерінің құны 7,1%-ға өсті, ең жоғары өсім Ақтөбе облысында…

«Қазақмыстан» 2,1 млн теңгенің қорғаныс құралын жымқырған қызметкер сотталды

«Қазақмыс» компаниясының қауіпсіздік қызметі корпоративтік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі…