Categories Қоғам

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

МӘН-ЖАЙ

Әуе тасымалдаушының мәліметінше, дәл сол сәтте қазақстандықтар тіркеуден өтіп жатқан рейске жарнамалық тақта құлаған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, қалған екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде, – деп хабарлады SCAT баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, кеше Шарм-эш-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отыруды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық қалқан құлап, қайғылы жағдай болды. Оқиға салдарынан Қазақстан Республикасының азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды.

қаза тапқан әйелдің туыстарымен байланыс орнатылып, консул барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Жарақат алған екі әйелге медициналық көмек көрсетілген, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан әскерінің Тәжік-Ауған шекарасынан шығарылғанына – 25 жыл

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан әскері Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік міндетін абыроймен аяқтап, елге оралды. Бұл…

2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. «Әскери қызмет және…

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары сараптамалық талқылаудан өтті. Іс-шара аясында…