Categories Жайық news

Жамбылда тағы бір сарбаз қаза тапты: Бас прокуратура елдегі бөлімдерді тексереді

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты. Қайғылы оқиға 27 қаңтарда қарумен жұмыс істеу кезінде болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның мәліметінше, сарбаз өлімші жарақат алған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді ІІМ әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Істің барысын Бас прокурор жеке бақылауына алды.

Оқиғаның себеп-салдарын жан-жақты анықтау үшін оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы жіберілді.

«Бұған қоса, аталған топқа бүкіл ел бойынша әскери бөлімдердегі әскери тәртіп пен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру тапсырылды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жақын арада Бас прокуратураның арнайы алқа отырысында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ мерзімді қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралады.

Бұған дейін, 23 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Жәңгізтөбе кентіндегі 47007 әскери бөлімінде қарауылда тұрған сарбаз өзіне оқ атқан болатын.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…