Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды. Мемлекеттік мүлік порталы аукционға сегіз Hyundai Elantra автокөлігін шығарған. Көліктердің жетеуі 8,395 миллион теңгеге бағаланса, тағы біреуінің бастапқы құны 5 мың теңгеге төмен белгіленген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Барлық автокөлік «Zhana Business» ЖШС-нің атына тіркелген. Компания құрылтайшысы ретінде Эльмира Төлегенова көрсетілген.

Аукцион 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Алғашқы кезеңде саудаға тек мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын мәртебесіне ие заңды тұлғалар қатыса алады. Егер көліктер мемлекеттік органдарға берілмесе, кейін олар ашық сауда арқылы барлық азаматтарға ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін сот шешімімен Ерболат Жанабылов екі жылға шартты түрде сотталып, мүлкі тәркіленген болатын. Ал Эльмира Төлегеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, үкімнің орындалуы екі жылға кейінге шегерілген.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…