Тоқаев: Құрылтай парламенттік мәдениетті дамытуға мән беруі тиіс

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде қос палата комитеттерінің белсенді және жемісті жұмыс істегенін атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам сауал жолдаған. Сондай-ақ 31 Үкімет сағаты мен 9 Парламент тыңдауы өткізілді. Қос палата комитеттері белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеді.

«Бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкен соң заң шығарушы органның комитеттері де мемлекет саясатының басым бағыттарын негізге ала отырып, құрылғаны жөн. Осы жылдар ішінде депутаттық корпус азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс жүйесін қалыптастырды. Атап айтқанда, партия жобаларын табысты жүзеге асырды. Сондай-ақ тұрақты түрде аймақтарға барып, жұртшылықпен кездесіп отырды. Қоғамдық қабылдаулар кезінде азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, өзекті мәселелердің шешім табуына ықпал етті», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атап өткендей, қос палаталы Парламент отыз жыл ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылдады. Парламент беделді ғалымдарды, байыпты сарапшыларды және қоғам белсенділерін біріктірген орталыққа айналды.

«Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата осы бірегей зияткерлік экожүйенің берік тірегі болды. Бұл құрылымдар сындарлы диалогті дамытып, заң жобаларын жан-жақты талдауға жол ашты», — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Парламент тек кейінгі 3 жылдың өзінде 300-ден астам маңызды заң қабылдады.

Ұқсас жазбалар

Үлкен Алматы каналы кешенді реконструкциядан өтеді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, ірі су шаруашылығы…

Астана күнінде 60 қосымша автобус жолаушыларға қызмет көрсетеді

6 шілде күні Астанада өтетін Open Air концертінен кейін тұрғындар мен қала қонақтары үшін 60…

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы апатты жағдайда өшірілді

Алматының бірнеше ауданында электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. «Алатау жарық компаниясы» мәліметінше, алғашқы өшіру сағат…