Categories Жайық news

Щучинскідегі әскери колледж карантинге жабылды: 66 кадет қызылша жұқтырған

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде қызылша жұқтыру дерегі тіркеліп, оқу орнында карантин жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, кадеттер демалыстан вирустық ауру белгілерімен оралған. Қазіргі уақытта 66 курсант дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Олардың ішінде екі кадеттің ауруы асқынып кеткен, бірақ жағдайлары тұрақты деп бағалануда. Ауру жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы дереу оқшауланды.

«Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін оқу орнында карантин жарияланды. Қосымша медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шаралары ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді», – делінген ресми хабарламада.

Колледж әкімшілігі бұл жағдай Қорғаныс министрлігі мен денсаулық сақтау органдарының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.