Categories Ақорда

Елордада 11 медициналық нысан салынады: аурухана, емханалар және перинаталдық орталықтар

Сурет: Астана әкімдігі

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада салынатын жаңа медициналық нысандар туралы айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің сөзінше, алдағы жылдары елордада денсаулық сақтау саласының 11 нысаны бой көтереді. Олардың қатарында көпбейінді аурухана, заманауи 8 емхана және 2 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы бар. Сондай-ақ екі перинаталдық орталық салу жоспарланған, оның бірі 2027 жылы аяқталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сарыарқа ауданында 300 орынға есептелген көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. №2 қалалық көпбейінді аурухананың жанындағы қабылдау-диагностикалық кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. «Нұрлы жол» вокзалы маңында бір ауысымда 350 адам қабылдайтын жаңа емхана жұмысын бастады.

Телман елді мекенінде емхана құрылысы жүріп жатыр. Келесі жылы тағы екі ірі емхана мен Өндіріс елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланған.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…