Categories Жайық news

Қазақстандағы жаңа ереже: Әскердегі сарбаздарға несие беруге тыйым салынады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздарға несие беруге тыйым салу ұсынылды. Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары әскердегі азаматтардың өтінішін қабылдамауға міндеттеледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мұндай жаңашылдық Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындаған қаулы жобасында көрсетілген. Қазір құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, Қорғаныс министрлігі мерзімді қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтерді несие бюроларына жіберіп отырады. Бұл ақпарат азаматтың несиелік есебіне енгізіледі.

Осыдан кейін әскердегі сарбаз несие алуға өтініш берген кезде, банк немесе микроқаржы ұйымы оның мәртебесін алдын ала тексереді. Егер оның мерзімді қызметте екені расталса, несие берілмейді. Аталған құжат 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…