Categories Әлем

33 жастағы қазақстандық Лондонның беделді Сент-Джеймс ауданына мэр болды

Лондонның тарихи орталығындағы беделді Сент-Джеймс ауданының жаңа мэрі – қазақстандық Санжар Әбішев. Ол 33 жасында осы лауазымға сайланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Санжар Әбішев – Лондонда тұратын қазақстандық кәсіпкер әрі қоғам қайраткері. Ол бұған дейін де аудандық кеңесте жұмыс істеп, тұрғындардың мәселелерін шешуге белсене араласқан.

«Мен үшін бұл үлкен мәртебе және жауапкершілік. Сент-Джеймс ауданының тұрғындарына қызмет етуге дайынмын», – деді Санжар Әбішев сайлаудан кейін.

Сент-Джеймс – Лондонның ең көне әрі сәнді аудандарының бірі. Мұнда корольдік сарайлар, мұражайлар және беделді клубтар орналасқан. Мэрдің міндеті – ауданның дамуына үлес қосу, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және жергілікті билікпен байланысты нығайту.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…