Президент кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жарлық елдегі кітап оқу мәдениетін көтеру мен зияткерлік ұлт қалыптастыруға бағытталған. Құжатта кітапханаларды жаңғырту, оқуға деген қызығушылықты арттыру және кітап шығаруды қолдау сынды нақты шаралар қарастырылған.

Президент бұл бастаманы жастардың білім деңгейін көтеру және қоғамның рухани дамуы үшін маңызды қадам деп атады.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…