Categories Әлем

Жапония Гренландиядағы сирек металдарды игеруге делегация жібереді

Сурет: istockphoto.com

Жапония Гренландияға сирек жер металдарын өндіру бойынша делегация жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Делегация құрамына Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілдері, сауда компанияларының мамандары мен сарапшылары кіреді. Олар жергілікті билік өкілдерімен келіссөздер жүргізбек.

Әлемдегі ең үлкен арал саналған Гренландия – Дания Корольдігіне қарасты автономиялық аумақ. Соңғы жылдары арал сирек жер металдарының қоры мен стратегиялық маңызына байланысты әлем елдерінің назарын өзіне аудартып отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алу туралы мәлімдеме жасап, НАТО елдері арасында алаңдаушылық туғызған болатын. Трамп мәлімдемесінен кейін Германия, Швеция мен Норвегия өз әскери қызметкерлерін аралға аттандыратынын хабарлады.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…