Categories Жайық news

ЖЫМПИТЫДА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” акциясы — біркүндік шара емес. “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” — патриоттық түсінік, отаншылдық сезім, қоғамдық жауапкершілік сияқты құндылықтарды тоғыстырған акция. Бұл қозғалысты Сырым ауданы жаз айларында да жалғастыруда.
Былайғы уақытта күннің ыстығында да, суығында да күрек — кетпендерін жерден айырмай, айналаның шөбін отып, тырмалап, сыпырып жүретін азаматтарды жиі көреміз.
Бірақ, ауыл тазалығы — тек қоғамдық қызметтегі адамдардың мойынындағы міндет деп түсінсек қателесеміз.
Бүгін, бірқатар мекеме қызметкерлері Жымпиты көшелеріне шығып, шөптерді шауып, айналаны әктеп — сырлап, еңбек адамдарының жарты жұмыс күнін бөлісті.
Әсіресе, орталық алаңның ажары кіріп қалды. Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев ауыл тазалығына атсалысқан әр тұрғынға ризашылық білдіретінін, жалпыхалықтық сенбілік дәстүрлі сипат алуы керектігін айтты.
Б. ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…