Categories Жайық news

The Washington Post: АҚШ-тың бұл әрекеті әскери қылмысқа жатуы мүмкін

The Washington Post басылымы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Тынық мұхитында есірткі тасыды деген күдікпен кемеге шабуылдау үшін азаматтық ұшақ кейпіндегі әскери техниканы пайдаланғанын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Басылымның дереккөздерінің ақпараты бойынша, ұшақтың сыртында ешқандай қару болмаған, яғни зымырандар қанатының астында емес, фюзеляждың ішінде жасырылған. Ол әскери ұшақ ретінде радиосигналдар таратқанымен, кемедегі адамдарда мұндай сигналды қабылдайтын жабдық болмаса, оның әскери техника екенін білуі мүмкін емес еді.

Сол соққы салдарынан 11 адам қаза тапқан. Олардың екеуі алғашқы шабуылдан аман қалып, кейін суда кеме сынықтарына жармасып жатқанда екінші соққыдан мерт болған. Жалпы АҚШ осындай 30-дан астам шабуыл жасап, нәтижесінде 100-ге жуық адам көз жұмған.

Бұл оқиға Пентагонда әскери ұшақтың мәртебесін жасыру халықаралық құқықты бұзу болып санала ма деген қызу пікірталас тудырған.

«Мұндай жасырынуды өзін-өзі қорғау үшін қолдану әскери қылмыс болып саналмайды, бірақ шабуыл жасау үшін пайдалану – заң бұзушылық», – деп келтіреді басылым Пентагонмен жұмыс істеген бұрынғы әскери заңгердің сөзін.

Ақ үй бұл жарияланымға қатысты әзірге түсініктеме бермеді.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…