Categories Қаржы

Қазақстанда жаңа банк ашылады: ADCB еншілес ұйымын іске қосу жоспарлануда

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мен Abu Dhabi Commercial Bank PJSC (ADCB) өкілдері кездесіп, Қазақстанда жаңа банк құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында тараптар «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ-ны іске қосу кезеңдерін, сондай-ақ банк лицензиясын алу үшін қажетті ұйымдастырушылық және реттеушілік мәселелерді қарастырды.

ADCB Қазақстанда әмбебап банк ашу жоспарын алғаш рет 2024 жылдың қарашасында жариялаған болатын. Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде топ «Ислам Банкі Al Hilal» АҚ акцияларының 100 пайызын сатып алуға рұқсат алған. Кейін қаржы ұйымы «Ислам Банкі ADCB» болып қайта аталды.

2026 жылдың наурызында отандық реттеуші ADCB-ге тағы бір еншілес банк құруға келісім берді. Ал жаңа банк 2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстанның әділет органдарында ресми тіркеуден өтті.

Агенттік мәліметінше, ADCB – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі қаржы ұйымдарының бірі. Банктің негізгі акционері – Mubadala Investment Company инвестициялық қоры. Қаржы институты халықаралық рейтинг агенттіктерінен жоғары бағаларға ие және актив көлемі бойынша БАӘ-дегі 56 банктің ішінде 3-орында тұр.

Қазақстандағы еншілес «Ислам Банкі ADCB» актив көлемі бойынша екінші деңгейлі банктер арасында 21-орында. 2025 жылдың қорытындысында банк 6,3 млрд теңге көлемінде қаржылық нәтиже көрсеткен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, жаңа банк дәстүрлі банктік қызметтермен қатар, «исламдық терезе» тетігі арқылы исламдық қаржыландыру бағыттарын да дамытуды жоспарлап отыр. Бұл механизм клиенттерге шариғат қағидаттарына сәйкес қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…

Қазақстанға шетелден көлік әкелу және оны рәсімдеу тоқтатылды

Қазақстанда шетелден әкелінген жеңіл автокөліктерді кедендік рәсімдеуде қиындықтар туындады. Бұл мәселе 30 маусым күні кешкі…