Халықтан алыстаған депутат бізге керек пе? -Кәмшат Тасболат

Парламент отырысында депутат Ардақ Назаровтың анасына арнап ресми мінберден құттықтау айтуы қоғамда үлкен резонанс туғызды. Бірі мұны «қарапайым ізгілік» десе, басым көпшілік әрекетті орынсыз әрі депутаттық этикаға қайшы деп бағалады.

Белгілі журналист Камшат Тасболаттың айтуынша, мәселе бір ғана құттықтауда емес, депутаттың қоғам алдындағы жауапкершілігінде жатыр. Ол Назаров сайланған Талғар ауданындағы қылмыстық ахуалды мысалға келтірді.

«Еуропа не Америкада бір ауданнан қылмыс орын алса, депутаттар мен жергілікті билік өкілдері дереу халық алдына шығып, жағдайды бақылауға алғанын мәлімдейді. Ал бізде ше? Талғарда қыз зорланып, күдікті жазадан құтылып шыққан соң марқұм Шерзаттың өмірін қиды. Одан бөлек, екі жасар сәби ұрланып, ауыр жағдайда табылды. Мұндай трагедиялардан кейін депутаттың үн қатуы былай тұрсын, Мәжілісте құттықтау айтуы – қоғамнан мүлде алшақ кеткенін көрсетеді», – дейді ол.

Журналист Назаровтың әрекетін француз патшайымы Мария Антуанеттаның «халық нансыз қалса, тәтті бәліш жесін» деген сөзімен салыстырды. «Бір жақта қазаға батқан аналар бар, ал Мәжіліс төрінде басқа бір анаға арналған мерейтойлық тілек айтылып жатыр. Бұл қаншалықты әділетті?» – деп сұрақ тастады ол.

Камшат Тасболаттың сөзінше, Алматы облысына елдің мәселесін терең түсінетін, жергілікті проблеманы ашық көтеретін депутат қажет. «Кейбір депутаттар заң жобасын жетік жазып, бірі білім саласын реттеп жүр. Ал спортшы депутаттың аты әзірге халыққа күлкілі мәлімдемелермен ғана таныс. Бұл биліктің беделін түсіреді, қоғамның сенімін жоғалтады», – деп атап өтті ол.

Сурет: әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Нәлібаев Алматы-1 вокзалының жөндеуін сынға алды: «Қарқын нашар»

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын тексеріп, мердігерлердің жұмыс қарқынын сынға алды.

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға…

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы: жоспар мен іске асу арасындағы алшақтық

Оралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспардан кешігіп жатыр. Мердігерлер материал жеткізудегі қиындықтарды алға тартып отыр.