Categories Жайық news

Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Жамбыл облысында қаруды абайсыз қолдану салдарынан әскери қызметші мерт болды. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер басшылығы оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында соталды тергеу жүріп жатыр.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын объективті әрі жан-жақты зерделейтін болады.

Комиссияға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев жетекшілік етеді. Жағдайды Қорғаныс министрі жеке бақылауына алды.

«Ведомство оқиғаның толық және ашық тергелуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр», – деп атап өтті ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Күшекбаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…