Абай облысының жылу желілеріне 2,5 млрд теңге: үкімет резервінен бөлінді

Үкімет Абай облысының тозған жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен үкімет резервінен бөлініп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, ақша Абай облысының коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға жұмсалады. Жылу желілерінің тозу деңгейі сын көтермейді, сондықтан бұл қаржы ең өзекті мәселені шешуге тиіс.

«Бұл – халықтың қысқа дайындығына бағытталған маңызды қадам. Жылу желілерін жөндеу жұмыстары биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы керек», – деді үкімет өкілі.

Жөндеу жұмыстарына мердігерлерді тарту жоспарланып отыр. Абай облысының әкімдігі қаражатты тиімді пайдалануды қадағалайды.

Ұқсас жазбалар

Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер министрлерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Тоқаев ақын Олжас Сүлейменовті 90 жасқа толуымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жасқа толуымен құттықтап, оның мәдениетке қосқан үлесін…

Африкада Эбола қайта өршіді: 88 адам көз жұмды

Африкада Эбола індеті қайта өршіп, 88 адам қаза тапты. ДДҰ вакцинацияны күшейтуде.