Categories Жайық news

МӘМС-ке 40 мың төлемедің деп қайтарған: Жамбылда босанған келіншек көз жұмды

Жамбыл облысында тағы бір босанған әйел перзентханада қайтыс болды. Дәрігерлердің МӘМС жүйесіне 40 мың теңге төлемегені үшін жүкті келіншекті тіркеуден бас тартқаны айтылуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Марқұм Салтанат Нышанбай қараша айында емханаға тіркелу үшін екі рет барған. Алайда, оны тіркемей қайтарып жіберген.

Туыстарының айтуынша, дәрігерлер оған жеке кәсіпкер екенін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) 40 мың теңге төлемегенін алға тартқан.

«Сен жеке кәсіпкерсің, 40 мың теңге төлемегенсің» деген мазмұнда қолхат алған.

Негізі, заң бойынша жүкті әйелдер мен босанатын аналар ерекше тәуекел тобына жатады және оларға МӘМС мәртебесіне қарамастан медициналық көмек көрсетілуі тиіс.

Емханаға тіркеле алмаған Салтанаттың денсаулығы нашарлап, аяғы ісінген. Кейін дәрігерлер келіншекке кесарь тілігін жасап, босандырып алған. Алайда арада бір апта өткенде ол есінен танып, комаға түскен.

Бір ай бойы комада жатқан келіншек, өкінішке қарай, көз жұмды. Артында 5 жасар қызы мен енді ғана бір айға толған сәбиі жетім қалды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…