Categories Әлем

Иран Израильдің Ливанға соққысынан кейін Ормуз бұғазын қайта жапты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне қайта тыйым салды. Бұл шешім Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе шабуылдарынан кейін қабылданды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Mehr агенттігінің хабарлауынша, Тегеран Израильдің әрекетін 17 маусымда АҚШ пен Иран арасында қол қойылған меморандумның бірінші тармағын бұзу деп санайды. Құжат бойынша, Ливанды қоса алғанда, барлық бағыттағы әскери іс-қимыл тоқтатылуы керек еді. Иран әскери басшылығы Израиль шабуылдарын тоқтатпаса, одан да қатаң шаралар қабылданатынын ескертті.

Агрессия жалғаса берсе, қарсы тарапты өз міндеттемелерін орындауға мәжбүрлейтін өзге де шаралар қабылданады, делінген ресми мәлімдемеде.

Бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданғанын мәлімдеген еді.

Ұқсас жазбалар

Швейцариядағы аптап ыстық мұздықтардың еруін жеделдетті

Еуропадағы аптап ыстықтың салдарынан Швейцариядағы мұздықтарда қар әдеттегіден бірнеше апта бұрын еріп кетті.

Италия жағажайында өлі акула демалушыларды үркітті

Италия жағажайында ұзындығы 4,5 метрлік өлі акула табылып, демалушыларды шошытты. Акула ешкімге қауіп төндіре алмады,…

Астана әуе бағыттарын кеңейтіп, халықаралық хабқа айналуда

Биыл Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге басымдық беріп отыр. Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей…