Categories Қоғам

Қазақстанда 136 мыңнан астам жол белгісі тексерілді: негізгі кемшіліктер анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілерінің 97 пайызы нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Бұл туралы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізген ауқымды тексеру нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар республика бойынша автожол желісінде орнатылған 136 мыңнан астам жол белгісінің жай-күйін зерделеген. Тексеру қорытындысы бойынша олардың басым бөлігі қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретіні анықталған.

Бақылау барысында шамамен 4,3 мың ескерту тіркелді. Негізінен бұл жол белгілерінің табиғи тозуы, зақымдануы және техникалық жағдайына қатысты мәселелер. Кейбір учаскелерде белгілерді орнату талаптарынан ауытқулар, олардың көрінуі мен оқылуын жақсарту қажеттілігі байқалған.

Сондай-ақ бірқатар жолдарда белгілер мен шақырымдық көрсеткіштердің жетіспеуі және түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыру қасиеттерін күшейту қажет екені анықталды.

Барлық анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті ақпарат «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «ҚАЖсервис» мекемесіне жолданған.

Ұқсас жазбалар

Количество легковых электромобилей в Казахстане продолжает уверенно расти

По состоянию на 1 июня 2026 года в Казахстане зарегистрировано 24 634 легковых электромобиля. За…

Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп келеді

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда…

Инициатива Президента «Таза Қазақстан» реализуется как ключевой принцип, заложенный в Конституции — Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.…