Categories Жайық news

Қазақстан Трамп құрған кеңеске мүше болды: Ақорда 1 млрд доллар жарнаға қатысты түсінік берді

Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесіне мүше болды. Ақорда еліміздің бұл ұйымға қосылуы үшін ешқандай қаржылық жарна төлемегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл кеңеске мүше болу үшін тек мемлекеттің егеменді шешімі жеткілікті екенін атап өтті. Кеңеске мүшелік мерзімі – үш жыл.

«Жарғыда аталған 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелік шарты болып саналмайды. Бұл – әрбір қатысушының өз құқығы», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар, егер мемлекет алғашқы жыл ішінде 1 миллиард доллар жарна аударса, кеңестегі мүшелік мерзімін белгіленген үш жылдан асырып ұзартуға мүмкіндік алатыны түсіндірілді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…